Наразылық білдірді

lat: Narazylyq bildirdi

Қарсы екенін, қолдамайтынын ісімен, сөзімен көрсетті.

Прокуратураға, соның ішінде заңдарға және басқадай құқықтық актілерге, сот шешімдеріне наразылық білдіреді, барлық заң бұзушылықты анықтауға және сотта мемлекеттің мүддесін білдіруге өкілеттік берілген («Егемен Қазақстан»).

Мұнда көп жұрттың әділетсіз патшаға наразылық білдіріп көтерілуі орынды-ақ (М.Дүзенов, Ант).

Біреу поездың осында кідіріп қалғанына, тіпті түнемек ниеті барына наразылық білдірді (Ә.Сараев, Қараша.).